Зерттеулерді жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру бойынша Үкіметтің жоспарын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазіргі уақытта бірнеше институт еңбек өнімділігі, медианалық жалақы бойынша өңірлік және салалық бөліністе нақты көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатында зерттеулер жүргізіп жатыр. Осы деректер ЕТЖ-ні есептеудің негізіне алынады", – деп түсіндірді Жақыпова.
Министрдің айтуынша, нақты сандар зерттеулер аяқталғаннан кейін белгілі болады.
"Зерттеулерді жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТЖ мөлшерін арттыру үшін", – деп түйіндеді ол.