Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2003 жылы Шымкент қаласының маслихатының 3-ші шақырылымының депутаты болып сайланды.
1987 және 2006 жылдар аралығында взвод командирінен бастап құрама командиріне дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2006 және 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының орынбасары.
2007 және 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Бас штабының бастығы.
2008 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Қолбасшысы.
2013 жылғы 22 қантардан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы.
2014–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.
2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.
2022 жылғы 19 қаңтардан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
II дәрежелі «Даңқ» орденімен, шет мемлекеттерінің екі орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстан Республикасының 35 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы генерал-лейтенант.