30.06.2025, 12:00

Астанада тағы бір автобус аялдамаға соғылды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға салдарынан аялдама әйнегі сынған. 

Бүгін таңертең елордадағы Республика даңғылы бойында жолаушылар автобусы аялдама павильонына соғылып, қоғамдық көліктегі қозғалыс біраз уақытқа тежелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға салдарынан аялдама әйнегі сынған. Алдын ала мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі көлік құралын аялдамаға тоқтату кезінде бүйірдегі айнамен павильон конструкциясын қағып кеткен.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар медициналық көмекке жүгінбеген. Қазір оқиға орнына жол-патрульдік қызмет пен тасымалдаушы компанияның өкілдері келіп, мән-жайды анықтауда.

Автобус қозғалысы бірнеше минутқа тоқтап, кейін қайта қалыпты режимде жалғасты. Аялдамаға жауапты коммуналдық қызмет өкілдері зақымдалған әйнекті жақын уақытта ауыстыру жұмыстарын бастайтынын хабарлады.