30.06.2025, 18:00

Перизат Қайрат пен анасына қатысты іс сотқа жетті

Фото: Перизат Қайрат пен Ғайна Алашбаеваның желідегі парақшасынан

3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады.

Бас прокуратура Перизат Қайратқа және анасы Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Олар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруда айыпталады.

Тегтер: Перизат сот