$ 520.39  609.58  6.63

Талдықорған полициясының экс-басшысының әйелі пара берді деген күдікке ілінді

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың жұбайына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың сөзінше, қазір Күштібаевтың жұбайына қатысты тергеу жүріп жатыр. 

"Жетісу облысында Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Күштібаевтың әйеліне қатысты зорлау қылмыстық ісі бойынша жалған куәлік беру, жәбірленушіге пара беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деді агенттік өкілі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары