Біз жалдамалы пәтерде өмір сүріп жатырмыз.
Қайырымдылықпен тағы шыққан, алайда аты-жөні белгісіз бетперделі жігіт кезекті рет көмекке мұқтаж адамға қол ұшын созды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жолы ол 13 жастағы Алиме есімді үшінші топтағы мүгедек қызға ерекше қолдау білдірді. Ол жалғызбасты анасы және кәмелетке толмаған інісімен жалдамалы пәтерде тұрып келген. Ал өзіне қажетті шетелдегі қымбат еміне анасымен бірге жасаған білезіктерін сатып, ақша жинауға тырысқан.
«Маған өте сирек кездесетін ұзарған QT интервалы синдромы деген диагноз қойылды. Кейінгі уақытта есімді жиі жоғалтып құлайтын болдым. Маған шетелде қымбат операция қажет. Жүрекке кардиодефибриллятор орнату керек, өйткені жүрегім кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін. Сондай-ақ мен сол жақ аяғым қысқа болып туылдым, таяқтың көмегімен жүремін. Біз жалдамалы пәтерде өмір сүріп жатырмыз. Күнде жатарда жатарушыдан маған көмек бере алатын адам жіберуін сұрап, жалбарынамын», - деді Алиме.
Осы сәтте қайырымды азамат оған ем-домы мен оқуы үшін қомақты қаржы беріп, баспананың кілтін табыс етті. Мұндай сый күтпеген қыз бен оның анасы еріксіз көздеріне жас алды.