01.07.2025, 02:30

«Жүрек елжірейді»: Қазақ спортшысына құрмет көрсеткен қырғыз баласы елді сүйсінтті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Осындай көріністерден көз демалып, жүрек елжірейді.

Желіде Қырғыз Республикасында өткен халықаралық спорт фестивалінде жеңіс тұғырына көтерілген балаларды әрекеті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода бірінші орын иеленген қазақ баласына қырғыз спортшысы құрмет көрсеткен сәт таспаланған. Ол сайыста бірінші орын алған қазақстандық досына бас киімін шешіп, сыйға тартқан. Бұған жауап ретінде жеңімпаз спортшы да қазақстан туы бейнелеген бас киімін тарту етті. Кейін екеуі бірін-бірі құшақтап, достық пен татулықтың үлгісін көрсетті.

Мұны көрген желі қолданушылары «Осындай көріністерден көз демалып, жүрек елжірейді», «Тіфәй, тіфәй, жас ұрпақ ақылды», «Қандай керемет?! Әрдайым осылай тату болып жүрейік», «Жарайсыңдар, болашақ батырлар!», «Достығымыз мәңгі болсын», «Осы екі жас бүлдіршіннің бауырмалдығын көкпаршыларға берсін» деп жазды.