$ 519.64  609.23  6.62

Ауа райы: Шілденің алғашқы күнінде елдің барлық өңірінде ескерту жарияланды

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. 

 

Фото: pixabay
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 1 шілдеде елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары