$ 519.64  609.23  6.62

Павлодарда мотоциклші оқыс оқиғаның құрбаны болды

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысының Павлодарское ауылында мотоцикл тізгіндеген ер адам жоғары кернеулі электр бағанына соғылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Павлодарское ауылында болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші мотокөлікті басқарып келе жатып, жоғары кернеулі электр бағанасына соғылған. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", – деп мәлімдеді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тәртіп сақшылары мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, әсіресе, көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болу және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау қажеттігін ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары