01.07.2025, 18:40

«Жол бар деп едіңіз ғой…»: Марғұлан Сейсембай тренд түсіріп, көпшілікті күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Фото: facebook.com/seimargulan

Кадрда көліктер лай мен батпақты кешіп келе жатады.

Миллиардер Марғұлан Сейсембай Instagram-дағы парақшасына балшықты жолмен әрең қозғалған көліктердің видеосын жүктеп, трендтен қалыспады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрда көліктер лай мен батпақты кешіп келе жатады. Сол сәтте кадр сыртынан бір адам: «Марғұлан аға, жол бар деп едіңіз ғой…» – дейді. Оған Сейсембай саспастан: «Мен примерно дедім ғой», – деп жауап береді.

Бұл сәт желі қолданушылары арасында кеңінен тарап, көпшіліктің көңілін көтерді. Оқырмандар: «Көңіліміз көтерілді», «Керемет қалжың», «Сәттілік тілейміз!» деген жылы пікірлерін қалдырған.

Айта кетейік, соңғы уақытта дәл осындай сарындағы видеолар әлеуметтік желілерде трендке айналды.