$ 518.37  609.97  6.6

Даниал Ахметовтің күйеубаласы ҚТЖ-ны уақытша басқарады

Бұл шешім ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес қабылданған.

Фото: Ұлысмедиа
Фото: Ұлысмедиа

Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында басшылық ауысты. Енді компанияны уақытша Ерлан Қойшыбаев басқарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қойшыбаев бұған дейін ҚТЖ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Қазір ол уақытша төраға міндетін атқарушы болып бекітілді.

Айта кетейік, осыған дейін ҚТЖ төрағасы болған Нұрлан Сауранбаев жақында мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Көлік министрі қызметіне тағайындалды.

Ерлан Қойшыбаев – бұрынғы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің күйеубаласы. Ол Ахметовтің қызы Аделия Ахметовамен отбасылы. Даниал Ахметов бұл өңірді 2014 жылдан 2023 жылға дейін басқарған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары