$ 518.37  609.97  6.6

Астанада көпірде болған жол апатынан 24 жастағы жүргізуші көз жұмды (ВИДЕО)

Қайғылы жағдай 1 шілде күні болғаны жайлы жазды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанада жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Land Cruiser көлігін басқарған жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы жағдай 1 шілде күні болғаны жайлы жазды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы жүргізуші Калдаяқов көшесімен «Арыс» көпірі бағытында келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған.

Соның салдарынан көлік аударылып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол жерде ол тағы екі автокөлікпен соқтығысқан.

Апат салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырды.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары