Осы жылдың 16 тамызында Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында танк биатлонынан екі апталық халықаралық чемпионат аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, биылғы командалар арасындағы бәсекелестіктің айтарлықтай жоғары болғанына қарамастан қазақстандық танкішілер жалпы командалық есепте құрметті екінші орынды иеленді (266 ұпай). Бірінші орында Ресей Федерациясының командасы (294 ұпай), үшінші орында - Қытай Халық Республикасы (220 ұпай).
«Біздің экипаждарымызға былтырғыдай үш командамен ғана емес Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Үндістан, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Монғолия, Ресей және Сербия сияқты 11 елден келген командалармен күресуге тура келді. Сондықтан да ақтық сынға шығу әрбір экипаж үшін армиядағы жауынгерлік даярлықтың өте жоғары деңгейінің көрсеткіші болып табылады», делінген хабарламада.
— Қазақстан командасы осы біріншіліктегі командалардың ішіндеші үздігі, ол осы жарыста өз еліне жеңіс алып келе алады, біз сіздердің командаларыңыздан көптеген жарыс элементтерін үйренуіміз қажет, — дейді Қытай Халық Азаттық Армиясының штаб бастығы Хуан Сю Цун.
Ресей танк экипажының механик-жүргізушісі Игорь Артемьев те қазақстандық экипаждардың қатысуы туралы өз әсерімен бөлісті.
— Қазақстандық командамен бәсекелесу өте қиын. Олар алдыңғы кезеңдерде жоғары нәтижелер көрсетті. Оларды лайықты бәсекелес деп санаймын, — дейді ол.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу марапаттады. Бұдан басқа, біздің командамызға «Командалық рухы үшін» номинациясының жүлдесін табыс еткен Мәсеу облысының губернаторы А.Воробьев мотоцикл мен екі скутердің кілтін ұсынды.