$ 494.87  520.65  4.91

Алматылық дәрігерлер Эбола безгегін алдын алуға дайын

Күн сайын әуежайда медицина қызметкерлері жолаушылардың денсаулығына сараптама жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Эбола безгегін жұқтырған жанның ұзақ өмір сүруі екі талай. Өйткені, науқастардың 90 пайызы бақилық болады екен. Әлем ақ халаттылары 40 жылға жуық осы қауіпті кеселдің бетін қайтара алмай келеді. Дәрменсіз дәрігерлер, дертті алғашқы сатыда анықтаған жағдайда ғана ем жүргізу мүмкін дегеннен басқа дауа айта алмайды. Осы ретте, өршіп бара жатқан аурудан тұрғындарды қорғау үшін, шаһарымызға ағылатындардың саулығына алдын-ала сараптама жүргізілуде. Қазір әуежайда 10 шақты медицина қызметкері жолаушыларды жаппай тәулік бойы тексеруде. 

— Біз бүгінгі уақытта қарқынды түрде жұмыс істеп жатырмыз. Қауіпті дертті құрылғы арқылы нақты анықтауға мүмікндік бар. Ал қызметкерлерге ауру жұғып кетпеуі үшін арнайы киім-кешекпен қамтамасыз етеміз. Қазір әуе кемесі арқылы қатынайтын азаматтардың саны артып, бағыттардың көбеюіне байланысты, аталған шараны шұғыл түрде қолға алдық, — деді Алматы қаласының әуе көлігінде санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің басшысы Елена Вилкова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары