Куәгерлер бұл қылық әдейі жасалған дейді.
Көкшетаудағы “Аружан-2” тұрғын үй кешенінде ел жағасын ұстаған оқиға болды. Екі бойжеткен лифт ішінде дөрекі әрекет жасап, бүкіл халықтың ашуын туғызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олардың бірі бейнебақылау камерасына қарамастан, көпқабатты үйдің лифтінде үлкен дәрет сындырған. Бейнежазбада қыздардың еш қымсынбастан әрекет еткені анық көрінеді. Куәгерлер бұл қылық әдейі жасалған дейді.
Жергілікті тұрғындар мұндай көргенсіздікті бұрын-соңды көрмегенін айтып, ашу-ызасын жасыра алар емес. Қоғамдық тәртіпті бұзғандарды тауып, жауапқа тартуды талап етуде.
Қазір полиция күдіктілердің кім екенін анықтап жатыр. Бұл оқиға желіде кең тарап, көпшіліктің талқысына түсті.