03.07.2025, 17:00

«Ширкпен тең нәрсе»: Белгілі эксперт қазақта «тұқымқуалаушылық» жоқ екенін айтып, сынға ұшырады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Ол ойдан шығарылған нәрсе. 

Тұлғалық даму және бизнес бойынша эксперт Бақытбай Сабырбеков “тұқымқуалаушылық"  ұғымының жоқ екенін айтып, көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бизнес бойынша эксперт бұл пікірін Threads әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. 

Ол бір топ адам жиналған іс-шарада өзіне сұрақ қойған қыздан, көзілдірікті қай кезден бастап тағатынынын сұрайды. Сол сәтте қыз мұның тұқымқуалаушылық жолмен берілгенін айтады. Ал эксперт қызға тұқымқуалаушылық ұғымының мүлде жоқ екенін, ойдан шығарылғанын жеткізеді. 

"Тұқымқуалаушылық деген жоқ. Ол ойдан шығарылған нәрсе. Тұқымқуалаушылық болса неліктен барлық нәрсе тұқым қуаламайды? Олай болса неге байлардан кедейлер туады, кедейлерден байлар туады? Имамнан неге алқаш, алқаштан неге имам туады? Сау ата-анадан неліктен ауру бала туады? Саулығы неге тұқымнан берілмейді? Туқымқуалау деген нәрсе тікелей ширкпен тең нәрсе. Анамда болған ауруды маған беріп қояды да, мені емдеу Құдайдың қолынан келмейді, дегендей нәрсе ғой", – дейді Сабырбеков.