$ 518.37  609.97  6.6

«Дүниеге қызықпандар деп алып»: Меккедегі қажыларға қымбат ас берген Бас мүфти сынға қалды (ВИДЕО)

Жарияланған видеодан өте бағалы ас-суды көруге болады.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әлеуметтік желіде "Қазақстанның Бас мүфтиі Меккедегі қажыларға арнап ас берді" деген видео тарады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарияланған видеодан өте бағалы ас-суды көруге болады. Табиғи шырындар мен "швед үстеліндегі" самсаған тәттілер көздің жауын алады. 

"Зүлхиджа айының  8-інен бастап қажылықты бастаймыз. Бас мүфтиіміздің ұйымдастырып жатқан дастарқаны Меккеде жайылды" деген қазақстандық қажы мүфтиятқа алғысын білдірді. 

Әйтсе де, видеодағы бұл көрініс кейбіреулерге ұнамаса керек, "арамтамақтар", "таза пропаганда", "сол жақта біржолата қалып қойсаңдар екен", "дүниеге қызықпаңдар, дастарқан жайып ысырап етпеңдер деп алып, өздерінің жасап жүргенін қарашы!" деген пікірлер жазуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары