03.07.2025, 18:40

Ақтөбеде жарылыс болып, жұмысшылар көз жұмды

Фото: ТЖД

Науқастар ауыр жарақаттан көз жұмды. 

Оқиға "Қамқор локомотив" ЖШС-нің аумағында тіркелді. Цехта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Ауруханаға жеткізілген 1989 және 2000 жылы туған екі жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Зардап шеккен адамдар Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының жансақтау бөліміне шұғыл жеткізілді. Ауруханаға түскен бойда оларға барлық медициналық көмек берілді. Тәулік бойы бақылау жүрді. Алайда олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Науқастар ауыр жарақаттан көз жұмды", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, ҚР Еңбек кодексінің 188-бабы 4-тармағына сәйкес арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылды. Алдын ала тараған мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан цехта жарылыс болып, өрт шыққан.

"Қамқор Локомотив" ЖШС-де болған қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Жерлеу, садақасын өткізуге қолдау көрсетілді. Қаза болған азаматтардың атында берешектің бар-жоғын анықтау мақсатында екінші деңгейлі банктерге тиісті сұраныс жолданды. Филиал мен компания басшылығы ұжымдық шарт аясында қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатыр. "Қамқор Локомотив" ЖШС қаза тапқандардың туған-туыстарына және жақындарына қайғырып, көңіл айтады", – деп хабарлады "Қамқор Локомотив" ЖШС.