Сондай-ақ синоптиктер төмендегі өңірлерде өрт қаупі жоғары екенін атап өтті.
Қазақстанда жұма күні, 2025 жылғы 4 шілдеде, қапырық ыстықтан кейін найзағай ойнап, жаңбыр және бұршақ жауады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК дерегінше, жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күтіледі.
"Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар батыс, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға әсерін сақтайды – осы өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте нөсер жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін… Республика бойынша жел күшейеді, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте – дауылды жел, түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі", - делінген болжамда.Сондай-ақ синоптиктер төмендегі өңірлерде өрт қаупі жоғары екенін атап өтті:
Жоғары өрт қаупі – Атырау облысының оңтүстігі мен батысында, Ақмола, Павлодар облыстарының батысында, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі, солтүстігі мен орталығында, Ұлытау облысының орталығында.
Төтенше өрт қаупі: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында және Абай облысының оңтүстігінде.