$ 519.51  611.83  6.6

Студент емес, жұмыс істеуге келгендер: мигранттарды тіркеудің айласы әшкереленді

Қазір бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: freepik
Фото: freepik

Қазақстанда шетел азаматтарын заңсыз тіркеудің жаңа тәсілі әшкереленді. Бұл жолы кейбір делдалдар халыққа қызмет көрсету орталықтары мен жоғары оқу орындарының атын пайдаланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мысалы, көрші елден келген бір әйел жалған құжатпен уақытша тұруға рұқсат алған. Ал кейбір университет қызметкерлері шетелдіктерді оқуға шақырдық деп ресми тіркегенімен, олар Алматыда жұмыс істеген.

Қазір бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігінің айтуынша, жыл басынан бері осындай 8 түрлі схема анықталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары