$ 519.51  611.83  6.6

Қазақстандық қызды Камбоджада еңбек құлдығына сатпақ болған (ВИДЕО)

Қазір оны шетелге алдап алып кеткен, жұмысқа салмақ болған тұлғаларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қазақстандық азаматша Камбоджаға қонақүйге әкімші болып жұмысқа орналасу туралы ұсыныс алып, шетелге аттанған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда шетелге жеткен соң, уәде етілген жұмыс орны мен жағдай мүлде сәйкес келмейтіні анықталған. Көп ұзамай қыз еңбек құлдығына түсу қаупіне тап болған.

Оқиға туралы ақпарат түскен соң, Қазақстан ІІМ Интерполы дереу әрекетке көшіп, Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі халықаралық топпен байланысқа шықты.

Жедел іс-қимылдың арқасында бойжеткен құтқарылып, елге аман-есен жеткізілді. Қазір оны шетелге алдап алып кеткен, жұмысқа салмақ болған тұлғаларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Барлық күдіктілер заң аясында жауапқа тартылады. Еске саламыз, шетелге жұмысқа орналасу кезінде мұқият болу қажет. Күдікті ұсыныстар мен күмәнді компанияларға сенбеңіздер.

Кез келген қауіп туындаған жағдайда тиісті органдарға немесе Қазақстанның шетелдегі өкілдіктеріне хабарласыңыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары