Елордалық полицейлер тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
2025 жылы 3 шілдеде Астанада автобус апатқа ұшырап, салдарынан жолаушылар зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнында түсірілген видео желіде жарияланды. Астана қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтаған.
"Астананың Сарыарқа ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы жетті. Себебі жолаушылар апат салдарынан зардап шекті", – делінген хабарламада.
"Автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, Серкебаев көшесімен қиылыста келе жатқан Ford маркалы автокөлікке жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобуста болған үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ полиция көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтап, көше қиылыстарында мұқият болу керегін ескертті.