Сондай-ақ, Мемлекет басшысы спортшыларымызға қолдау көрсетті.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы спортшыларымызға қолдау көрсетті.