Ондаған тұрғын әлі де із-түссіз жоғалып кеткен.
Гуадалупе өзенінің арнасынан асуына себеп болған нөсер жауын салдарынан Техаста су тасқыны болып, 82 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ондаған тұрғын әлі де із-түссіз жоғалып кеткен.
АҚШ президенті Дональд Трамп Керр округін ресми түрде апат аймағы деп жариялады.
Штаттағы республикалық шенеуніктер АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметін төтенше жағдайға дайын болмады деп сынға алды. Олардың айтуынша, Трамп әкімшілігінің бюджетті қысқарту саясаты салдарынан халық апат жайлы дер кезінде хабарланбаған.