$ 520.93  609.07  6.68

«Бүгін қалада темекі шекпеңіздер»: Талдықорған тұрғындарын газдың таралуы дүрліктірді (ВИДЕО)

Қолданушылар қалада жүрудің де, темекі шегудің де қауіпті екенін айтып жатыр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Талдықорғанда газдың ауаға таралуы туралы видео  әлеуметтік желілерде тарап, тұрғындар арасында үрей мен ашу туғызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қолданушылар қалада жүрудің де, темекі шегудің де қауіпті екенін айтып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен құтқарушылар жер астындағы жоғары қысымды газ құбырының тарату желісінен газдың отсыз ағып жатқанын анықтаған.

Абырой болғанда, өрт шықпаған. Газдың таралуы дер кезінде тоқтатылып, қазіргі уақытта қауіп жойылған.

Облыстық ТЖД өкілдері оқиға орнында апаттық газ қызметінің мамандары жұмыс істеп жатқанын және жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары