$ 520.93  609.07  6.68

ҚМДБ қажылыққа жинаған ақшасын қайырымдылыққа берген атаға жолдама сыйлады

Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсысына 120 000 теңгеден көмек көрсеткен екен.

Фото: ҚМДБ
Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 10 жыл жинаған ақшасын қайырымдылыққа берген Сағадат Жұмабаевқа алғыс білдіріп, қажылық сапарына жолдама сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚМДБ төрағасының тапсырмасымен Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы мүфтият атынан берілген қажылық сапарының жолдама сертификатын Сағадат ақсақалға арнайы барып тапсырды.

Сағадат Жұмабаев Павлодар қаласындағы қарттар үйінде 13 жылдан бері тұрып келеді. Туыстары болмағанына қарамастан, ол өмір бойы қажылыққа деп жинаған қаржысын сырқат баласы бар аналарға таратып берген еді. Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсысына 120 000 теңгеден көмек көрсеткен екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары