10.07.2025, 15:40

Астанада белгісіз біреу Министрліктер үйін өртемек болды

Фото: astanovka98

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Астанада белгісіз ер адам Министрліктер үйіне жанғыш зат лақтырып жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін таңғы сағат 8 шамасында Үкімет үйінің 11-подъезінде өрт шықты. Белгісіз ер адам Оқу-ағарту министрлігіне кіріп, турникетке жанғыш қоспа лақтырған. Өртті ТЖД қызметкерлері өрт сөндіргіштің көмегімен тез сөндірді.

Өрт қойған күдікті ұсталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.