$ 520.93  609.07  6.68

Қызылордада аурухана есепшісі 129 млн теңге жымқырған

Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аурухананың бас есепшісі медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын үш есеге көтеру арқылы мемлекет қаржысын жымқырған.

Жоғары бағаны көздеген күдікті, жұбайы дайындаған жалған баға ұсыныстарын қолданаған.

— Өткізілген тендердің нәтижесінде ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған. Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген. Бірақ шын мәнінде оның нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған, яғни көрсетілген бағадан үш есе арзан болған. Осылайша, негізсіз қосылған шығын көлемі 129 млн теңге болды, — делінген ҚМА хабарламасында.

Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді.

Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары