$ 494.87  520.65  4.91

Елордада екі автовокзал салу жоспарланған

Астанада мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде Қостанай мен Қарағанды қалалары бағытындағы магистральдарда екі автовокзал салу жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдегендей, құрылыс жұмыстары 2015 жылдың 1 тоқсанында басталмақ. Бірақ концессионерді анықтау бойынша конкурс өткен соң бұл мерзім өзгеруі мүмкін. 

Айта кетейік, бүгінде Астана қаласының қоғамдық көлігі саласында 8 компания (соның ішінде 1 коммуналдық және 7 жеке меншікті) 50 маршрутпен қызмет көрсетеді. Автопарктерде 890 автобус жұмыс істейді, оның ішінде күн сайын 734 бірлігі жолға шығады. Қоғамдық көліктер тәулігіне 750 мың жолаушыны тасымалдайды, кей кезде бұл көрсеткіш тәулігіне 824 мың жолаушыны құрайды. Қала тұрғындарының қоғамдық көлікті пайдалану үлесі 33 пайызға тең.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары