Астанада 12 шілдеде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15 м/с құрайды.
Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты 12 шілдеде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Күндіз Ұлытау облысында 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 12 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 12 шілдеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандардағы жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 12 шілдеде түнде найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнап, 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 12 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтауда 12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Найзағай ойнап, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 12 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнап, батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 12 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 12 шілдеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 12 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады деп болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсіп, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 12 шілдеде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
12-14 шілдеде Алматы облысында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 12-14 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 12-14 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 12 шілдеде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15 м/с құрайды.
Ақмола облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 12 шілдеде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.
Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.