$ 520.93  609.07  6.68

Қарағанды-Астана тасжолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 11 шілде күні шамамен сағат 14:00-де болған.

Фото: pexel
Фото: pexel

Қарағанды – Астана автожолында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"27 жастағы Kia Rio көлігінің жүргізушісі Астана қаласына бара жатып, жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан ол алдында келе жатқан Shanceman автокөлігімен соқтығысқан", - дейді Қарағанды облысының ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Сұңғат Абылқас.

Жол апаты салдарынан Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі сақ болуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары