$ 520.93  609.07  6.68

Қостанай облысында үш адам мінген автокөлік суға батып кетті

Куәгерлердің айтуынша көлікте үш адам, оның ішінде бір бала болған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанай облысында жол апаты салдарынан үш адам мінген көлік өзенге батып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы alau.kz-ке сілтеп.

Оқиға 10 шілде күні Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Қарынсалды ауылының маңында болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша жолаушылар көлігі Қарынсалды өзеніне түсіп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Куәгерлердің айтуынша көлікте үш адам, оның ішінде бір бала болған.

Іздестіру-құтқару жасағы оқиға орнына тез арада кетті. Құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан үш адамның да денесі табылып, шығарылды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263886-qostanai-oblysynda-us-adam-mingen-avtokolik-suga-batyp-ketti

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары