$ 525.87  614.37  6.72

Перизат Қайраттың толық орта білімі жоқ болып шықты

Тергеушілер мұны көзбояушылық үшін жасалған деп есептейді.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Перизат қайратқа қатысты сот отырысы айыптау актісін оқудан басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу мәліметінше, Перизат Қайраттың толық орта білімі жоқ. Ол 2018 жылы Haluk қорын және birgemiz.kz платформасын құрған. Бұл жоба пандемия кезінде кеңінен танымал болды. Сол кезде кең таралған «Біз біргеміз» ұраны әлеуметтік желілерде белсенді қолданылып, осыны олар тиімді пайдаланған.

Айыптаушы тараптың нұсқасына сәйкес, қайырымдылыққа деп жиналған қаражат айғайлы ұрандардың астарында жиналғанымен, көп бөлігі қолма-қол ақшаға айналдырылып, жұмсалып кеткен. Барлығы шынайы көрінуі үшін қаражаттың бір бөлігі расымен мұқтаж жандарға бағытталған. Тергеушілер мұны көзбояушылық үшін жасалған деп есептейді.

Сондай-ақ, бұл іске Перизаттың туыстары мен жақындары да қатысқан болуы мүмкін деген болжам бар — олар қаражатты «тазалауға» көмектескен деп күдіктелуде. Сонымен қатар, Перизат өзінің жеке бейнесін де белсенді түрде қалыптастырып, өзін бизнесвумен ретінде көрсетіп, медиа мен әлеуметтік желілерде жиі көрініп жүрген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары