$ 526.5  611.64  6.72

Ақмолада қарақшылар мәслихат депутатының үйін тонап, отбасын жертөлеге қамап тастаған

Қазіргі уақытта полиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Ақмола облысында, Астраханка ауылында мәслихат депутаты Мейрам Қожахметтің үйіне қарақшылар баса-көктеп кірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгін түнде екі бетперде киген белгісіз адам жекеменшік үйге кіріп, үй иесінің отбасын жертөлеге қамап, үйді тінтіген.

Қаруланған қаскөйлер ақша, зергерлік бұйымдар алып, үйдің көлігін мініп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі уақытта полиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары