16.07.2025, 12:00

Астанада 6 жасар баланы аулада көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр.

Астанадағы «Виктория» тұрғын үй кешенінің ауласында дабыл қақтырған жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі алты жастағы баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Салдарынан бала жарақат алып, оған гипс салынды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен жүргізушінің әрекеттері тексеріліп жатыр.