$ 526.5  611.64  6.72

Щучинскте «Дала қырандары» қозғалысының белсендісі Қапасовтың құқығы бұзылды (ВИДЕО)

Сондай-ақ прокурорды шақыру туралы өтініші ескерусіз қалған. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Щучинск қаласының Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚҚБ) қызметкері Ғалым Қайратұлы Жұмабеков «Дала қырандары» қозғалысының белсендісі Данияр Қапасовтың үйіне барып, оны бөлімшеге алып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шағын әңгімеден кейін патруль мен пробация инспекторы шақырылып, Қапасовтың өзі ешбір түсініктемесіз полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Қозғалыстың хабарлауынша, оның құқығы бұзылған. Адвокатпен кездесуге рұқсат етілмей, туыстарымен байланыс орнатуға мүмкіндік болмаған. Сондай-ақ прокурорды шақыру туралы өтініші ескерусіз қалған. 

Ол қазір Ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік басқармасына арыз беріп үлгерген. Ал «Дала қырандары» өкілдері құқықтық баға беруді талап етіп, жағдайды жылы жауып қоюға жол бермейтіндерін мәлімдеді.

Айта кетейік Данияр Қапасов қазіргі уақытта апробациядан өтуде. Штабта атап өткендей, ол қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады және барлық ережелерді сақтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары