Олар бұл қаражатты ауыр науқастанып қалған сынып жетекшісінің еміне жұмсауды жоспарлап отыр.
Перизат Қайратқа қатысты сот процесі аясында Астана қаласындағы ФМН бағытындағы НЗМ-нің мүддесін қорғаған Сауле Қуандықова жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол сондай-ақ мектептің ата-аналар комитетінің өкілі екенін айтты. Қуандықованың айтуынша, 2024 жылғы 15 сәуірде ата-аналар комитеті атынан Biz Birgemiz KZ қорына 901 955 теңге аударылған.
Оның сөзіне қарағанда, бұл қорды таңдауларына оның кеңінен танылғаны және әлеуметтік желілердегі белсенділігі себеп болған.
"Біз Instagram-да жарнамаларын жиі көрдік, қордың басқа да қайырымдылық жобаларымен және Перизат Қайраттың қызметімен таныс болатынбыз", - деді ол.
Сондай-ақ Қуандықова мектеп ұжымы қайырымдылық бастамаларға жиі қатысып, оқушылардың бойына патриоттық сезім дарытуға тырысатынын атап өтті:
"Біздің ФМН әрдайым әлеуметтік белсенді болуға ұмтылады, балалардың патриот болып өсуін қалаймыз", - деді ол.
Алайда қазір ата-аналар комитетінің өкілдері аударылған қаражатты қайтарғысы келіп отыр. Олар бұл қаражатты ауыр науқастанып қалған сынып жетекшісінің еміне жұмсауды жоспарлап отыр.