16.07.2025, 18:20

«Елде білім саласының қарқынды дамып жатқанының айқын дәлелі»: Тоқаев олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.

– Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент.