Көпшілік мұны «қаржы жымқырудың бір көрінісі» деп бағалап жатыр.
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы іс бойынша прокурорлар украиналық әнші Иван Дорнның есімі жазылған даулы құжатты жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Прокурор Мадина Оразалинаның айтуынша, әншіге Астанадағы гольф клубында өнер көрсетуі үшін 9 мың еуро (шамамен 4,5 миллион теңге) төленген. Алайда фестиваль өтпей қалған, ал гонорар толықтай аударылған.
"Мұнда өткізілмей қалған бірнеше фестивальге дайындыққа байланысты құжаттар бар. Мысалы, мына инвойста Иван Дорнға 9 мың еуро, яғни шамамен 4,5 миллион теңге төленгені көрсетілген. Бірақ концерт өтпей қалды", — деді Оразалина сотта.
Бұл жайт әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жұртшылықтың наразылығын тудырды. Көпшілік мұны «қаржы жымқырудың бір көрінісі» деп бағалап жатыр.