Бұл оқиғада жан түршіктіретін жайттар көп.
Мысалы, кішкентай Еркежанды қайнап тұрған сумен күйдірген жекеменшік балабақша жедел жәрдем шақыруға асықпаған — беделімізге нұқсан келеді деп қорқыпты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
– Қызымды алып келгенімде ол жыламайды да, тек дірілдеп тұрды, – деп еске алады Еркежанның анасы Айнұр Айдарбекова.
Дәрігерлердің айтуынша, Еркежанның денесінің 30 пайызы күйіп қалған, тіпті оның аман қалатынына ешкім кепілдік бере алмады.
Қыз бір ай бойы ауруханада жатты, бес рет наркоз алды, қан құйды, ота жасау қаупі болды.
Қазір отбасы қалай өмір сүріп жатыр — анасы бұл туралы бейнежазбада айтып берді.
Балабақшаның ресми нұсқасы — қыз бала өзі ыстық судың кранын ашып жіберген, сол кезде тәрбиеші оны шелекпен жуындырып жатқан екен.
Алайда туыстары бұл нұсқаға сенбейді.
– Ол раковинаға сыймайды да ғой! Қызымның сол аяғы, іші, арқасы, шат жері күйіп қалған… Бұл жай ғана кездейсоқтық емес! – дейді Еркежанның анасы.
Балабақша құрылтайшысы ауруханадан шығатын күні келіп, ата-анасына ақша салынған пакет ұстатуға тырысқан.
– Мен: «Ақшаларыңызды алып кетіңіздер! Маған шындық керек — қызымды қалай күйдіргендерін айтсын!» дедім, – дейді Айнұр Айдарбекова.
Ол барлық мекемелерге арыз жазып, балабақшаны кешенді тексеріп, жабуды талап еткен.
– Әкімдікке де, білім министрлігіне де, прокуратураға да, тіпті Президентке дейін жаздым. Жауаптары бір: «Өздеріңіз неге балабақшаның құжаттарын тексермедіңіздер?» дейді. Сонда олар не үшін өз орындарында отыр?! – деп ашуланды Айнұр.
Кейін тексеру жүргізілді. Нәтижесінде балабақшаның 3 жасқа дейінгі балаларды қабылдауға құқығы жоқ екені, ұйықтайтын бөлмелерде балаларға жеткілікті ауа жетпейтіні, асханада мерзімі өткен өнімдер бар екені анықталды.
Бірақ мекеме әлі де жұмыс істеп тұр!
Еркежанның анасының айтуынша, бұл — жүйелі проблема, шенеуніктер жекеменшік балабақша иелерін қорғаштайды.