17.07.2025, 12:00

Соттағы тартыс: Перизат Қайратпен сөйлескеннен кейін жәбірленуші тікелей эфирде сырын ашып қойды

Фото: видеодан скрин

Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр

Перизат Қайрат ісі бойынша бүгінгі сот отырысы тағы да эмоцияға толы сәттермен есте қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Таңертеңгі жауап алу кезінде зардап шеккендер арасында дау-дамай туындап, тіпті тікелей эфирде жанжалдың арты ыңғайсыз сөздерге ұласты. NIS өкілі Умут Сатқынбекова әдеттегідей қарсы сұрақтар қойған Перизат Қайратпен бетпе-бет келіп, қызу диалогқа түсті.

— Неге арыз жаздыңыз? — деп сұрады Қайрат.

— Бәрі жазды, мен де жаздым, — деп қысқа қайырды Сатқынбекова.

Куәлігін аяқтағаннан кейін Сатқынбекова тікелей эфирін сөндіруді ұмытып, камера алдында бар эмоциясын жасыра алмай: «Капееец!» деп айтып қалды.

Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.