$ 532.74  617.23  6.77

«Жағдайы ауыр»: Ақтауда 5 жасар қыз бассейнге құлап, жансақтау бөліміне түсті (ВИДЕО)

Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақтауда 5 жасар қыз бассейнге құлап жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға 15 шілде күні демалыс базаларының бірінде болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңғыстаулық құтқарушылардың хабарлауынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі 1,5 метр болатын бассейнге құлаған. 

Кезекші құтқарушы оның суға бата бастағанын байқап қалып, көмекке барған. Ол баланы судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 

Бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары