$ 532.74  617.23  6.77

«Туғаныңнан артық жанашыр жоқ»: Босанған қызын 40 күнге өз үйіне жіберуге рұқсат сұрап келген ата-ана желіні шулатты (ВИДЕО)

Әр отбасы анаға қайда күтіп жасалатынын өзі шешуге құқылы.

Фото: Дильназ Дараеваның жеке архивінен
Фото: Дильназ Дараеваның жеке архивінен

Алматылық Дильназ Дараева желіге босанғаннан кейін төркіні қайын жұртынан оны күтім жасау үшін 40 күнге сұрап алған видеосын жариялады. Оның айтуынша, бармас бұрын, анасы күйеуінің отбасына арнайы сый-сияпатпен келіп, қызын жіберуге рұқсат сұрайды. Бұл оқырмандардың арасында қызу талқыға түсіп, пікірлер екіге жарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Дильназ Дараева таяуда үш жылдан бері күткен қыздарын дүниеге әкеліп, ана атанды. Қыздары қазір екі айлық.

"Босануым да, босанғаннан кейінгі кезеңім де өте жақсы өтті. Бәрі жеңіл әрі жайлы болғаны соншалық, екінші баланы да көп күтпей дүниеге әкелгім келіп кетті. Перзентханадан шыққан соң бірден ата-анамның үйіне, яғни өзім өскен шаңыраққа бардым. Осы кезеңде үлкен қолдау мен қамқорлықты күйеуімнен, ата-анамнан және әпке-сіңлілерімнен көрдім”, – деді жас ана.

Ару мұндай салт-дәстүр ұйғыр халқында бұрыннан бері келе жатқанын айтты. Мұнда тұңғыш рет ана атанған қызды босанғаннан кейінгі қырық күн бойы ата-анасы өз шаңырағына алып кетіп, күтім жасайды.

"Әрине, қазір заманға сай өмір сүріп жатырмыз. Дегенмен әр отбасы анаға қайда күтіп жасалатынын өзі шешуге құқылы. Десе де, бұл дәстүрді құрметтеп, сақтап келе жатқан отбасылар әлі де бар. Біздің отбасымыз да солардың қатарында. Күйеуімнің отбасы да бұл жағдайды толықтай түсіністікпен қабылдады. Босанғаннан кейінгі қасиетті 40 күнімді ата-анамның үйінде өткізуімді олар алдын ала біліп, қолдау көрсетті", – деді Дильназ Дараева.

Жас ана бұл шешім басынан бастап келісілген еді дейді. Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ.

"Менің жағдайымда әкем де, анам да, бауырларым да көмек берді. Ырым бойынша босанған әйел мен нәресте 40 күн бойы жаман рухтардың әсеріне көбірек ұшырайды деп есептеледі. Сондықтан оларды ерекше қорғау керек. Бұл 40 күнде босанған әйелге кіруге шектеу қойылады. 12-күні нәрестеге ат қойылады. Бұл рәсімге күйеуінің туыстары мен молда шақырылады", – деді Дильназ Дараева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары