Маған түрлі сын айтылды.
Психолог Құралай ханым өзін бірнеше рет сынаған Айгүл Елшібаева туралы сөз қозғады. Бұл туралы ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол сұхбат барысында журналистің “Айгүлдің сізге шүйлігуіне не себеп болды” деген сұрағына жауап берді.
”Менде халық көп болды. Бұл нәрсе Айгүлден деп ойламаймын, ол Алладан. Жаратушының өзі қоғамға сөзі өтіп тұрған адамды тоқтататын болып тұр ғой. Демек, біздің қоғамға, массаға фэншуй керек болмады. Мен ол кезде массаны ұстап отырдым ғой. Семинарларыма 3000 адам, республика сарайында 5000 адам келді. Карантинде эфирлерімде 10-15 мың адам отыратын. Алла Айгүл арқылы стоп қою керек болды. Фэншуйда мен бақа-шаян алып, буддаға табынып кеткен түгім жоқ. Ауылда тұрған кезде қарыз дәптер деген болатын. Бәрі қарыз алады айлық түскенде жинаймын. Сонда түске таяу қарыз жинап жүргенімде перделерін қараңғылап, жас қыздар “жұмыс жоқ” деп ұйықтап жататын. Сонда перделерін ашып, оларға “фэншуй деген кітапты оқышы, үйге жарық түссе, терезе, ас үй таза болса, күйеуіңнің жұмысы жүреді” дейтінмін. Ауылдағы әйелдер тыңдап, кейін дүкенге келіп, күйеулерінің жұмыстары жүріп кеткенін айтатын. Сондай нәтижелер болғандықтан адамдарда фильтр жоқ екенін қайдан білемін?! Сөйтіп, қыздарға фэншуйдің тазалыққа қатысты тәсілдерін айтып жүрдім. Ауылдастарым, абысындарым “менің төсегім былай тұр” деп сұрайтын. Соны инстаграмда да айтып тұратынмын”, — дейді ол.
Сондай-ақ, ол Айгүл Елшібаеваның сынын ауыр қабылдағанын да жасырмады.
”Маған түрлі сын айтылды. Аттарын атамай-ақ қояйын. Тыныш жатқан бүркітті үркітпейін. Сондықтан бұл сұрақты қоймағаныңды да қалар едім. Себебі, айтылып біткен, маған өте қатты жара салған нәрсе. Маған өте қиын негізі. Менен бөлек, балаларым, анам қатты қиналды. Мен туралы айтып жатқанды оқу, көру қиын болды. Қазір де улатып, шулатқым келмейді. Ол кісіге де, мен жайлы жазған сайттарға, парақшаларға ризамын. Бізде біреу кішкене қателессе, соның бетіне түкіруге, оны ары қарай жерге кіргізуге жақынбыз ғой”, — дейді ол.