$ 533.61  621.07  6.78

«8 жасар жиенін зорлаған»: Абай облысында мұғалімге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

Ол бірнеше рет бүлдіршінге жыныстық зорлық көрсеткен.

Фото: saigez.kz
Фото: saigez.kz

Абай облысында мұғалім болып істеген ер адам 8 жасар жиенін зорлағаны үшін өмір бойына түрмеге қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 2024 жылдың тамызында Жарма ауданына қарасты Чарск қаласында болған. Тергеу дерегінше, 2016 жылы туған қыз — сотталушының әйелінің жиені. Ол бірнеше рет бүлдіршінге жыныстық зорлық көрсеткен.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыны жасаған қылмыстарының жиынтығы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі де бұл талапты қолдады.

Сотта ер адам кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұрады. Алайда сот оның кінәсі дәлелденгенін айтып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол өмірінің соңына дейін педагог болып жұмыс істеу құқығынан да айырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында сот өгей қызын зорлаған ер адамды 23 жылға соттаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары