$ 533.61  621.07  6.78

«Жерді иемденіп, зәулім ғимарат салып тастаған»: депутаттар Назарбаевтың ортаншы қызына шүйлікті

Депутат Бақытжан Базарбектің сөзінше, жердің аумағы алты гектардан асады.

Фото: rus.azattyq.org
Фото: rus.azattyq.org

Назарбаевтың ортаншы қызы Алматыда жалпыға ортақ көшені қоршап, зәулім ғимарат салып тастаған. Парламент мәжілісінің қос депутаты олигарх Динара Құлыбаеваға тиесілі ғимаратқа келгенмен, оларды күзетшілер ішке кіргізбеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық агенттігі.

Депутат Бақытжан Базарбектің сөзінше, жердің аумағы алты гектардан асады.

«Әлмерек деген көше болған, қайда ол? Жер учаскесін қалай жекеменшікке беріп жіберген? Жердің иесі — Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы», — деді Мәжіліс депутаты.

Көшенің жабылып қалғанын көруге Сергей Пономаренко де келген. Оны күзетші биік қақпадан қайтарды.

«Жерді бергендерді, қол қойғандарды, шешім шығарғандарды жауапқа тарту керек», «масқара, ойына келгенді жасайды, оларға бәрі аз», «сол көше қайтарылсын, Әлмерек көшесін қайта ашса, Әл-фараби көшесі аздап болса да босайды, айналып жүрмейтін боламыз», — деп жазды желі оқырмандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 3
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары