Айта кетейік, Тауман Назарбаев 2005 жылы туған.
Канн қаласында өткен Knights of Charity қайырымдылық гала-кешінде Назарбаев әулетінің бірнеше мүшесі бір мезетте көрінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Назарбаевтың жиен немересі— Нурали Әлиев пен оның немере інісі, Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман кештен бірлескен суреттерін жариялап, «қайырлы таң» тіледі. Айта кетейік, Тауман Назарбаев 2005 жылы туған. Ол туралы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 2023 жылы «Менің өмірім. Тәуелділіктен бостандыққа» атты кітабында жария жазған еді.
Сол кеште Дариға Назарбаева да бой көрсетті. Оның жанында отырған жас жігіт — Нурали мен Аида Әлиевалардың ұлы Алан Әлиев және белгісіз бойжеткен болды.
Қонақтар қатарынан Ұлыбритания ханзадасы Эндрюдің бұрынғы жары, Беатрис пен Евгения ханшайымдардың анасы Сара Фергюсон да байқалды.
Кештің сәнін әлемге әйгілі әнші Андреа Бочелли мен Blurred Lines әнімен танылған Робин Тикк толықтырды.
Бұл қайырымдылық шарасына билет бағасы 12–20 мың еуродан басталса, екі адамдық орын — 33 333 еуро, ал 12 адамдық үстелді брондау 120–200 мың еуро аралығында бағаланған