Мен Отанын сүйетін, шетелде тәжірибе жинап, оны қазақ жастарына жеткізгісі келетін адаммын.
Әлеуметтік желіде Аида есімді қазақ қызы Қазақстан азаматтығынан бас тартып, АҚШ азаматтығын алғанын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Маған да оңай болған жоқ. Бірақ меніңше, Қазақстан әрбір жағдайды жеке қарап, қос азаматтықты рұқсат етуі керек, әсіресе көршілес емес, алыс елдермен.Мен Отанын сүйетін, шетелде тәжірибе жинап, оны қазақ жастарына жеткізгісі келетін адаммын. Азаматтықтан бас тартпасам, заң бойынша маған айыппұл салынып, елге кіруге тыйым салынар еді.Өкініштісі — мемлекет бір салық төлеушіден айырылып отыр. Kaspi аударымдарын бақылағаннан гөрі, қос азаматтықты жеке қарастырған дұрыс. Мен елге көмектесуге дайынмын», - деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол құжат өзгерсе де, ұлт өзгермейтінін айтты.
«Қазақстан азаматтығынан бас тартқан күнім… Құжат өзгерсе де, ұлт өзгермейді. Менің жүрегім мен жаным – мәңгі қазақ!», - деп жазды қазақ қызы.
Алайда оның жазбасы көпшілік талқысына түсіп, түрлі пікірлер жазылды. Бірі оның АҚШ азаматы болғанын құттықтаса, енді бірі ашуланып пікір қалдырған.