$ 533.61  621.07  6.78

«Еркек айына 100 млн табуы керек»: Қыз-келіншектердің қалауы жұртты шошытты (ВИДЕО)

«Бұлар Өзбекстанның ақшасымен айтып жатыр».

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Желіде видео жарияланып, ер адамның ай сайынғы табысы туралы қыз-келіншектер өз ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. 

Видеода нәзікжандыларға видео авторы «Ер адамның ай сайынғы табысы қанша болуы керек?» деген сұрақ қояды.

Оған жауап бергендердің біріншісі 5 млн теңге, екіншісі әйелінен үш-төрт есе көп болуы керек, тағы біреуі жоқ дегенде 100 млн теңге, төртіншісі 10 млн теңгеден жоғары, бесіншісі айына кем дегенде 4-5 млн теңге, енді бірі 3 млн теңге, кемінде 10 млн теңге деп жауап береді.

Алайда қыз-келіншектердің мұндай пікірі жұртты шошытып, желіде түрлі пікір қалдырды.

«Жоқ дегенде 100 млн теңге деп айтқан әйелдің байы қанша табады екен», «Бұлар Өзбекстанның ақшасымен айтып жатыр», «Мыналар қай ғаламшардың адамдары?», «Осылай айтып отырған қыздар демек өздері айына жоқ дегенде 2-3 млн табады, дұрыс қой тең-теңімен, тезек қабымен», - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары