21.07.2025, 11:20

Израиль премьер-министрі Нетаньяху уланып қалды

Фото: aa.com.tr

Нетаньяху алдағы үш күн үйде демалады, бірақ мемлекеттік істерді сол жерден жалғастырады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 20 шілдеде «қауіпті немесе бүлінген» тағамды тұтынғаннан кейін гастроэнтеритпен ауырды. Бұл туралы Израиль үкіметінің кеңсесі хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Нетаньяху алдағы үш күн үйде демалады, бірақ мемлекеттік істерді сол жерден жалғастырады.

Мәлімдемеге сәйкес, 75 жастағы Нетаньяху түнде өзін нашар сезінген, оған дәрігерлер ішектің қабынуы мен сусыздану деген диагноз қойған. Оған көктамырішілік сұйықтықтар беріледі.

— Дәрігерлердің нұсқауына сәйкес, премьер-министр алдағы үш күнді үйде демалып, үкімет жұмысын үйде жалғастырады, - делінген Нетаньяху кеңсесінің мәлімдемесінде.

Нетаньяху сенбіге қараған түні өзін нашар сезінгеннен кейін Иерусалимдегі Хадасса университетінің медициналық орталығының профессоры Алон Хершкоға қаралып, сусызданудың алдын алу үшін тамыр ішіне сұйықтық алды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Нетаньяху 2023 жылы кардиостимулятор (жүрек ритмін электрлік реттегіш) орнатқан. Өткен жылдың желтоқсан айында несеп шығару жолдарының инфекциясы диагнозы қойылған соң, оған қуық асты безін алып тастау операциясы жасалған.

The Jerusalem Post газетінің жазуынша, премьер-министрдің «мемлекеттік жұмысын үйден жүргізуі» оның дүйсенбі мен сейсенбіге белгіленген қылмыстық істер бойынша сот отырысына қатыса алмайтынын білдіреді. Енді сот отырысы қыркүйек айында, соттар демалыстан оралғанда ғана жалғасады.

Жексенбі күні кешке Биньямин Нетаньяхудың адвокаттары да соттан оның осы аптаға жоспарланған куәлік сессиясын ресми түрде тоқтатуды сұрады. Нетаньяхудың командасы оның куәлігін сәрсенбіге ауыстыруды ұсынды.